Махамбет ауданында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында нақты шаралар қолға алынды.
Атап айтқанда, Махамбет тазалық мекемесінің ұйымдастыруымен және учаскелік полиция инспекторларының сүйемелдеуімен Бейбарыс ауылының кіреберіс жолына инертті топырақ себу жұмыстары жүргізілді. Аталған шара жол жағдайын жақсартып, көлік қозғалысын тұрақтандыру мақсатында атқарылды. Инертті материалдың төгілуі жолдың тайғақ болуын азайтып, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіз қатынауына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді. Мамандардың айтуынша, мұндай жұмыстар әсіресе ауа райы қолайсыз кезеңдерде апаттың алдын алуға, көлік қозғалысының үздіксіз әрі қауіпсіз болуына ықпал етеді. Сонымен қатар бұл тұрғындардың күнделікті қатынасына да оң әсерін тигізіп отыр. Осы орайда жауапты мекемелер жүргізушілер мен тұрғындарды жолда барынша сақ болып, белгіленген жылдамдық режимін сақтауға және қауіпсіздік ережелерін қатаң ұстануға шақырады. Жолдағы тәртіп – әрбір азаматтың қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін маңызды фактор.



