Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жарықтың өшуі - жазғы «дәстүрге» айналды

Жаз шықса, жарықты «жалп» еткізу ауданда қалыпты жағдайға айналған.

Тұрғындар іштей налиды да амал жоқ, «Көппен көрген ұлы той» ғой деп, отыра береді-мыс. Әсіресе, жазғы маусымдағы ми қайнатар ыстықта тоңазытқышы мен салқындатқышын қоса алмағандықтан, азын аулақ айран-суын суыта алмай әуре. Жасыратыны жоқ, қолқалаумен әрең жазылатын газетке де көппшілігінің қолы жетпейтінін ескерсек, теледидар жаңалығынан да сап тиылып, рухани дүниеге зәрулік пайда болады. «Көтере алмасаң, қосып арқала»- демекші, оған қоса ұялы байланыс та ажырап, ауыл тұрғындары мүлгіген тыныштықта ұйқы құшағына енеді. Құдай сақтасын, жазатайым жағдай орын алса, дер кезінде көмек көрсетудің еш мүмкіндігі жоқ десек те болады. Ал бүгінгі цифрлы жүйеде жұмыс жасау электр қуатынсыз жүзеге асу мүмкін емес жағдайда, қаңтарылып, компьютерді күту еңбек өнімділігін төмендетері сөзсіз. Қалай десек те, ХХІ-ші ғасырда жарықсыз отыру – өркениеттілігімізге сын. Аудандық электр жүйесі мекемесінің басшысы Аманбек Әбділдиевтің айтуынша елді мекеніміз 3 санатты электр қуатын алатын ауданға жататындықтан, қуат көзін алмастыратын жүйе жоқ. Жалпы, аудан Индер бағытындағы Л-145- 110 кВа электр қуатымен жарықтанатынын ескерсек, өңірдегі 193 трансформаторға қосымша 216 км әуе желілері мен 0,3 км сымды кабелі тартылған. Жамбыл ауылдық округінде орналасқан Райгородок электр стансасы орталығынан қуаттылығы 6300 кВа трансформатор арқылы 110/35/10 кВа электр қуатымен ауданды қамтып отыр. Қазіргі таңда А-16 әуе желісін (СИП) қуаттылығы 0,4 кВа заманауи талапқа сай сымды кабелге алмастырылған. Жөндеу жұмыстары барысында 2 км Райгородок, Тасшағыл бағытындағы кабелді жүйе, 10 электр бағандары ауыстырылған. «Жаман айтпай, жақсы жоқ» демей ме, егерде апатты жағдай орын алған кезде ауданды Ақтөбе бағытындағы Л- 69С кВа электр жүйесін іске қосу мүмкіндігі бар. Дегенмен, мұның қуаттылығы төмен болғандықтан, барлық округті қамти алмайды. Осылайша, жай жөндеу, күрделі жөндеу жұмыстары сәуір айынан қазанға дейін кесте бойынша жалғаса береді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT