Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Бала – біздің болашағымыз

1 Маусым – Балаларды қорғау күніне орай, аудан орталығында «Балғын балалар – біздің болашағымыз» атты шара салтанат құрды.

69

Ертемен орталық паркке жиналған жұрттың қарасы да көп. Балаларын жетелеген ата-ана мен немерелерінің тәтті қылығын қызықтаған әжелер бүгінгі мерекені ерекше күткендей. Жаздың шуақты күні басталған сәтке орайласқан балғындар мерекесі жұртшылықтың қуанышын еселей түсті. Салтанатты шара қыран құсты көкке самғатумен басталып, «Нұр-Шуақ», «Жасұлан» балабақшасының бүлдіршіндері, Миялы балалар өнер мектебі, Х.Досмұхамедұлы мен Б.Аманшин, Тасшағыл орта мектебі, Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары шеруді жалғады. Шеруде биші, қобызшы мен сырнайшы, баяншы, домбырашылар қатары сап түзеп, салтанатты шараның сәнін келтірді. Мерекелік шарада аудан әкімі Арман Баженов бүлдіршіндерді құттықтап, болашақтары жарқын, білімді де өнерлі, еліміздің бетке ұстар азамат, азаматшалары болуларына тілегін қосты. Мереке одан әрі өнерлі балғындардың концертімен жалғасты. Сондай-ақ, бала қиялға ерік берген бүлдіршіндер асфалть бойына сурет салса, ұлттық ойындар мерекенің көрігін қыздырды. Орталық паркте жас техникердің көрмесі қойылып, келушілердің қызығушылығын оятты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT