Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Бағдарламада қандай өзгерістер бар?

Былтырғы жылдан бастап ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешені саласындағы мамандар және кенттер мен ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерін әлеуметтiк қолдау қағидаларын бекіту туралы бұйрығына өзгерістер енгізіліп, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңадан бекітілді.

Енгізілген өзгерістерге сәйкес «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары арқылы жақын туыстарынан тұрғын үйін сатып ала алмайды. Бағдарламаға қатысушы кредиттік бюродан несие тарихын ұсынады және бұрын берілген кредиттер бойынша өтелмеген мерзімі өткен берешегі жоқ, сондай-ақ соңғы 2 жыл ішінде 90 күнтізбелік күннен астам мерзімі өткен берешегі болмауы керек. Бұл бағдарлама бойынша ауылға келген маманға 100 айлық есептік көрсеткіштегі яғни 291 700 теңге бір реттік көтермелеу жәрдемақысын беріледі.

Сондай-ақ, баспана салу немесе сатып алу үшін 4 375 500 теңге бюджеттік несиені 15 жыл мерзімге 0,01 пайыздық мөлшерлемемен ала алады. Ал, әлеуметтік сала ұйымдарының мамандары үшін қалалық мөлшерлемеден (ставка) 25 пайыздан кем емес жалақы алуға мүмкіндігі бар. Алайда, барлық мамандар аталмыш бағдарламаға қатыса алмайды. Бұл алдымен әлеуметтік бағытта болғандықтан, оған білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт, ветеринария, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері ғана қатыса алады. Сондай-ақ, аталған мамандық бойынша білімі бар маман таңдалған елді мекенде кем дегенде үш жыл жұмыс істеуге міндеттеледі. Бағдарлама бойынша бір реттік көтерме жәрдемақы алу үшін қатысушы өтініш жазып, артынша жеке басын куәландыратын құжат, білімі туралы дипломның және көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады.

Ал, тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде жоғарыда аталған құжаттардан бөлек неке қию (егер некеде тұрса) туралы куәлік пен кредиттік бюродан есеп алып тапсырады. Осы бағдарлама арқылы ауданнан әлеуметтік қолдау алғысы келетін мамандар алдымен аудан әкімдігінің www.gov.kz сайтынан денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға және кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінің сұранысқа ие мамандықтар тізбесін қарап, аталған мамандықтар бойынша ауылдан жұмыс табу керек. Жұмысқа тұрғаннан кейін бағдарламаға қатысу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті Қызылқоға аудандық бөліміне немесе электронды веб-порталы арқылы өтініш толтырады.

Әсем ҚАЛЕНОВА,

аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT