Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АУРУХАНАДАҒЫ КЕЛІНДЕР САЙЫСЫ

    Аудандық орталық ауруханада халқымыздың тарихы мен мәдениетін құрметтеу, ата-бабамыздан мұра болып қалған әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерін кеңінен насихаттау, қазақ азаматына тән инабаттылық, ізеттілік, тапқырлық, ақылдылық, жауапкершілік сынды қасиеттерді дәріптейтін мекемеішілік «Қазақтың келіндері-ай» атты келіндер сайысы болып өтті. 

    Онда, алдымен аурухана директоры Айнұр Тілемісова аурухана қызметкерлерін Наурыз мерекесімен құттықтап, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. 

Таныстыру, өнер көрсету, сұрақ-жауап, сән үлгісі сынды төрт кезеңнен өткен сайысқа әр бөлімнен мамандар қатысып, өнерлерін ортаға салды.

    Нәтижесінде, жалпы бөлімнің медбибісі Гүлнұр Мұғалімова – «Сымбатты келін», күндізгі бөлімнің медбибісі Алтынгүл Рамазанова – «Парасатты келін», мамандандырылған бөлімінің маманы Айша Шамұратова – «Сыпайы келін», тіркеу бөлімінің маманы Сымбат Абат – «Өнерлі келін», жалпы тәжірибе бөлімінің медбибісі Ақнұр Әбужан – «Инабатты келін» атанды.  

    Қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрі дәріптелген байқаудан қатысушылар да көрермендер де жақсы әсер алып тарқасты. 

Кәмшат ӘБІШ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT