Қызылқоға аудандық сотының ұжымы, нұр-көктеммен қатар келген 14-22 наурыз мерекелері қарсаңында, аудандық соттың ардагерлерін ескерусіз қалдырмай, оларға арнайы барып құрмет көрсетті.
Осы орайда, Қызылқоға аудандық сотының төрағасы А.Е.Байназаров, қазақы салт-дәстүрімізді ұстанып, аудандық сот ардагерлері Атенова Несібелі мен Тасқалиев Закарияның отбасыларына барып, ардақты ардагерлерімізге көрісіп, наурыз айындағы шуақытты мерекелермен құттықтап, сый-құрмет көрсетті. Ардагерлер, сот төрағасы мен сот мамандарына зор алғысын білдіріп, ақ баталарын берді.
Аудандық сотының баспасөз қызметі