Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АУДАНДЫҚ ПРОКУРАТУРА ЕСКЕРТЕДІ

Алаятық басқа қылмыстардан алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен жасалатыны және меншік иесі мүлкін басқа адамға ерікті түрде өтеусіз беруімен ерекшеленеді. Қазіргі таңда заман ағымына сай интернет алаяқтықтықтың түрлері көбейіп, жүзеге асыру әдіс-тәсілдері де жаңарған.

Ең жиі кездесетін интернет алаяқтық түрі жалған жарнамамен сауда-саттық жасау, ақылы қызмет көрсету, өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, меншік иесінің жеке деректерін иемденіп, атынан заңсыз онлайн-несие рәсімдеумен байланысты. Мәселен биылғы жылы Қызылқоға ауданы бойынша полиция бөліміне тіркелген 10 қылмыстың 8 –і интернет алаяқтықпен байланысты.    

Бұл қылмыс түрінің субъектісінің қоғамға қауіптілігі басқа өңірде жүріп көздеген мақсатына қол жеткізуінде. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің нәтижесімен 4 іс қылмыстың жасалған жері бойынша басқа облысқа жолданды. Сондықтан қолында компьютер, смартфон, планшеті бар кез келген адам қарапайым сақтық шараларын қабылдамаған жағдайда интернет алаяқтардың оңай олжасына айналуы мүмкін.

Себебі алаяқтар тұтынушының сеніміне қалай кіру керектігін жақсы біледі және заманауи электронды техника бағдарламаларын жетік меңгерген.

 Осыған орай жеке деректер, банк карта мәліметтерін, кодтары мен құпия сөздерін бейтаныс адамдарға беруге болмайды. Тексерілмеген сайттарға, сілтемелерге кіріп, тапсырыстарға алдын ала төлем жүргізбеген дұрыс. Телефон мен компьютерге белгісіз қосымшаларды орнатпаңыз. Егер алаяқтықтың құрбаны болсаңыз уақыт оздырмай жергілікті полиция бөліміне жүгініңіз.

 

Қызылқоға аудандық прокуратурасы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521