Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғада биыл «Жастар тәжірибесі» аясында 11 адам тұрақты жұмысқа тұрды

Бұл туралы аудандық қоғамдық кеңестің кезекті жиынында Қызылқоға  аудандық жастар ресурстық орталығының  директоры Нұрбол Бижанов айтты.

 «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы арқылы 11 адам тұрақты жұмысқа тұрды. «Жасыл ел» бағдарламасының көгалдандыру бағыты бойынша – 175, құрылыс бағыты бойынша – 50 жұмыссыз жас еңбектен қамтылды.

Жастарды кәсіпкерлікке тарту мақсатында былтырғы жылы «Бастау бизнес» жобасы аясында 34 жас оқып, 16 жасқа 933 400 теңге қайтарымсыз грант берілді.

Сонымен қатар, былтырғы жылы «Диплом[1]мен ауылға» бағдарламасы бойынша 2 жас маманға тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие берілген болса, биыл 4 жас маманға көтерме жәрдемақы берілді» деді спикер.

 
 
Дулат Ғұбайдуллин

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521