Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғада қайырымдылық акциясы өтті

Өткен аптада «Арман» мәдениет үйінде аудан әкімдігінің қолдауымен, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі және «АДА-Байдар» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Біз біргеміз!» атты қайырымдылық акциясы болып өтті.

Ондағы мақсат – мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау, қоғамнан шеттетпей саяси өмірге араластыру, өнерлі балалардың  шығармашылығын шыңдау болатын.

Қайырымдылық акциясына «Менің ауылым – менің Отаным» тақырыбына үздік сурет конкурсы, «Біз бәрін жасай аламыз» атты спорттық ойын, «Жас шебер» қолданбалы шығармашылық байқауы және «Қуыршақ» театрына саясат шарттары бойынша балалар қатысты. Шараны ашқан жартылай күндізгі стационарлық үлгідегі ұйымының күндізгі болу бөлімшесінің директоры Гаухар Қанашева, өнерлі әрі жан-жақты балаларға сәттілік тіледі. Акция соңында, қатысқан балаларға ақшалай сыйлық табыс етіліп, өнерлі бүлдіршіндердің концерттік бағдарламасына ұласты.

 

Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521