Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Теолог Айгерім Оспанова қызылқоғалық әйелдермен кездесті

«Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теологы Айгерім Оспанова қызылқоғалық әйелдермен кездесті.

«Арман» мәдениет үйінде өткен «Дін және әйел психологиясы» тақырыбындағы кездесуде теологы Айгерім Оспанова қазақ әйелі отбасының ұйытқысы ғана емес, жалпы қоғамда да бейбітшілік пен тыныштықтың шырақшысы екендігін атап өтті.

«Көп жағдайда діндегі әйелдің сипатын қате түсіндіріп жатады. «Әйел - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді» демекші, әйел адам жан-жақты болуы тиіс. Дінді асыл, көркем түсіну үшін көптеген танымал әйелдердің уағыздарын тыңдап өздеріңізге ой түйіңіздер» - деді теолог Айгерім Оспанова.

cfc0cac8-b924-408a-9df7-b309c4fbb803

Кездесуде теолог қатысушылар тарапынан қойылған бірқатар сауалдарға жауап берді.

 

Нұрсәуле Жауынбаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521