Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Атырау облысы кәсіпкерлік және туризм басқармасының үйымдастыруымен «Ярмарка» сауда үйінен ауданға 12 тонна қант алынды.
Қант аудан орталығындағы «Байтерек», «Айбас», «Дидар», «Байдәулет», «Қанағат», «Арухан» дүкендеріне әкелінді. Одан бөлек, Сағыз ауылындағы «Дана», Тасшағыл ауылындағы «Ақтолқын», Көздіғара ауылындағы «Аманжол», Тайсойған ауылындағы «Батырхан» дүкендеріне де 2 тонна қант жіберілді. Әрине, қанттың қымбаттауы халықтың қалтасына қиындық келтіргені рас.
- Аудан тұрғындары 3 килограм қанттан ала алады. Бұның басты себебі, барлық ауыл тұрғындарына жеткізіп, қамтамасыз ету мақсатында болып отыр. Тұрғындарға көмек ретінде арзан қант жеткізіліп отыр. Халықтың ризашылығы шексіз. Алда, бұл мақсатта әлі де жұмыстар жүргізіліп, басқа да ауылдық округтерге жеткізу жоспарлануда, - дейді аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Зинеш Сарбуфеева.
565 теңгеден сатылған қанттың әр отбасыға 3 килограмннан берілуін, тұрғындардың ұсыныс-тілегін бақылау ниетте аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Гүлсезім Сәрсенқұлова мен "Қызылқоға" газеті бас редакторының орынбасары-жауапты хатшысы Нұрсәуле Жауынбаева дүкендерді аралап шықты. Алдымен «Қанағат» дүкеніне ат басын бұрған олар Миялы ауылы тұрғындарының ұзынсонар кезекте тұрғанын көзімен көрсе, «Байдәулет» дүкенінде қант әр отбасыға шақталып өлшеніп, тұрғындарға сатылуда екендігіне куә болды. Ал, «Дидар», «Бәйтерек» дүкендерінде алғашқы сатылған 2 қапшық секер таусылып, тағы да әкелінуде екен. Ал, «Айбас» дүкеніне барлық келген секерді өлшеп, халыққа ыңғайлы етіп дайындап қойғандығына куә болды.
Өз тілшіміз