Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясы басталды

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша кабылданып жатқан шаралар туралы жұртшылыққа хабарлау, халыктың кең ауқымының аталған проблемаларға аудару мақсатында Қызылқоға ауданы аумағында 2022 жылдын 13-21 маусым күндері аралығында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясы өткізіледі.

Акцияны өткізу барысында кәсіпорындарда және ұйымдарда отбасылық құндылықтарды насихаттау, сондай-ақ тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын алу және жолын кесу жөнінде іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

Аудан аумағында азаматтар көп жиналатын орындарда керсетілген тақырыпта билбордтар мен плакаттар орнатылып, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі жадынамалар мен буклеттерді тарату ұйымдастырылады. Сондай-ақ, бөлімінің профилактикалық есебінде тұрған отбасылар мекен-жайларынан тексерiлiп, олармен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында түсiнiк жұмыстары жүргiзiлетiн болады.

Егер сіз тұрмыстық зорлық- зомбылыққа ұшырасаңыз, не болмаса  басқа адамдардың зорлыққа ұшырағанына куə болсаңыз «102» жүйесіне немесе зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторына 871238 2-12-06, 8701- 420 36 53 номерлеріне қоңырау шалыңыз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз