Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АУДАН ӘКІМІНІҢ АЛҒЫСЫ ТАБЫСТАЛДЫ

сала қызметкерлері
сала қызметкерлері

Әлбетте, ел экономикасының дамуы жолында еселі еңбек етіп жүрген мекеме, бөлім мамандарына алғыс айтқанның артықтығы жоқ екендігі ақиқат. Бұл ретте, аудан әкімінің орынбасары Жарас Есенғалиев аудандық білім,  мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт,  полиция бөлімдері, Қызылқоға желілік техникалық учаскесі және «Қазсушар» РМК-ның Атырау облысы филиалының Қызылқоға өндірістік учаскесі мекемелеріне ат басын бұрып,  ұжым қызметкерлерін аудан әкімі атынан Алғыс айту күнімен құттықтады. 

   – Жалпыхалықтық мерекеге айналған Алғыс айту күні ел тұрғындарының бір-біріне құрмет көрсетіп, ризашылығын білдіреді. Мерекенің басты мақсатының бірі – өскелең ұрпақты достыққа, бір-біріне деген құрмет пен отансүйгіштікке тәрбиелеу. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосып келе жатқан әр сала қызметкерлерінің еңбегі зор. Осы тұрғыда, білім саласының қызметкерлері жас ұрпаққа сапалы білім, тәлімді тәрбие беріп келе жатса, халықты рухани тәрбиелеуде мәдениет саласының қызметкерлері уақытпен санаспай қызмет етуде. Полиция қызметкерлері тұрғындардың тыныштығын қорғап, қылмыстың алдын алу жұмыстарын жүйелі жүргізіп жүрсе, байланысшылар да жаһандану үрдісінен қалмай халықты цифрландыру бағытында үлкен жұмыстар атқаруда. Сондай-ақ, ауданды сапалы ауыз сумен қамтуда су мамандарының да еңбегі орасан екенін айта кеткен жөн, - деді аудан әкімінің орынбасары Жарас Есенғалиев


    Құттықтау тілектен соң Нұржамал Ғалымжанова (Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектептің тазалықшысы), Ақкенже Хасанова («Жасұлан» балабақшасының аспазшысы),  Райхан Әжіғалиева («Балдырған» балабақшасының кір жуушысы), Кенжегүл Шөкенова (аудандық орталық кітапхананың тазалықшысы), Алтынгүл Сәрсенова («Арман» мәдениет үйінің әдіскері), Тұрар Көбейсінов  («Арман» мәдениет үйінің маман бағдарлама әзірлеушісі), учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Ардақ Сағиев (аудандық полиция бөлімі), Бірман Сүндетов (Қызылқоға желілік техникалық учаскесінің электромеханигі) және Нұрлыбек Мақсотовтарға («Қазсушар» РМК-ның Атырау облысы филиалының Қызылқоға өндірістік учаскесінің механизаторы) аудан әкімінің алғыс хатына ие болды. 


    Өз кезегінде бөлім, мекеме басшылары мен қызметкерлері мерекеге орай құттықтап, ұжымның еңбегіне ризашылығын білдірген аудан әкіміне алғыс айтты.  Сондай-ақ, жиында патрульдік полиция тобының аға инспекторы полиция аға лейтенанты Нұрбек Қабиев пен Қуанышбек Хамиттің аналары Гүлмира Мұқанғалиева мен Гүлжихан Есбосынқызына «Ұлыңыз уақытпен санаспай ауданның құқық қорғау саласының дамуына зор үлес қосып, халық алдында абыроймен еңбек етуде. Қызметтік міндетін адал атқарып, жұмыста жоғары нәтижеге қол жеткізуіне Сіздің де зор үлесіңіз бар екенін білеміз. Осы орайда, Сізге алғысымызды білдіре отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға береке-бірлік тілейміз!» деген мәтіндегі аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Руслан Әділовтің алғыс хаты табыс етілді.

Бауыржан САҚТАСИНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521