Қызылқоға ауданында еріген қар суларын сору бойынша авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілуде.
26 ақпан күні сағат 15.30-дан бастап, Миялы ауылының Қарабалин және Аққуов көшелері бойындағы 25-30см болатын еріген қар суларын арнайы су сору техникасымен ауыл сыртына шығару жұмыстары сағат 19.19-ға дейін жүргізілді.
Барлығы 280 м3 су сорылды.
Авариялық-құтқару жұмыстарына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 5 қызметкері, жергілікті атқарушы органның 6 қызметкері және 2 бірлік техника, 2 мотопомпа жұмылдырылған.