АҚШ-тың IVLP (The International Visitor Leadership Program) бағдарламасының түлегі.
Ержан Қалымбайұлы Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы — баспасөз қызметінің жетекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Ержан Қалымбайұлы ҚР Журналистер Одағының мүшесі. Білімі — жоғары, түрік, ағылшын тілдерін біледі. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «журналистика» мамандығы бойынша үздік бітірген. Кейін аталған университетте сол мамандық бойынша магистратура оқыған.
Қарағанды «Фемида» заң академиясында «заңгер» мамандығы бойынша білім алған. Ыстамбұл (Түркия) университетінің докторанты. Еңбек жолын Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде қатардағы тілшіліктен бастаған.
Одан кейін «Қазақстан РТРК» АҚ Қарағанды облыстық филиалы жаңалықтар қызметінде редактор әрі бағдарлама жүргізушісі, «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің астанадағы тілшісі, «Хабар агенттігі» АҚ жаңалықтар мен ақпараттық бағдарламалар дирекциясының тілшісі, «Қазақстан РТРК» АҚ ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының тілшісі, «Жебе» республикалық қоғамдық-саяси газетінің Түркиядағы тілшісі, Халықаралық Түркі академиясының баспасөз-хатшысы, «Qazaq radiosy» «Біздің пайым» аналитикалық-сараптамалық бағдарламасының жүргізушісі, «ULYS» халықаралық диджитал журналы мен ulys.kz ақпараттық-сараптамалық сайтының негізін қалаушы әрі бас редакторы болып қызмет еткен.
Соңғы жұмысы — «Қазақстан РТРК» АҚ «Аpta» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының редактор-аналитигі. Түркиядағы қазақ жастарының «Sana» интеллектуалдық клубының (2011-2013) жетекшісі. АҚШ-тың IVLP (The International Visitor Leadership Program) бағдарламасының түлегі. Түркия, Франция және Қырғызстан елдерінде журналистикаға қатысты арнай курстар оқыған.
Өңірлік коммуникациялар қызметі.