Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырау облыстық перинаталдық орталық ұжымы бұрынғы әріптестеріне қатысты сот үкімімен келіспейді

Облыстық перинаталдық орталығы директорының міндетін уақытша атқарушы Асқар Кенжеғалиев, аталмыш мекеме қызметкерлері бұрынғы әріптестеріне шыққан сот үкімі тым қатаң деген пікір білдіріп отырғанын атап өтті, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Перзентхана қызметкерлерінің пікірінше, кінәлі деп танылған экс-дәрігерлерге кесілген жаза уақыты тым ұзақ, сондықтан мерзімді қысқартуға ұсыныс жасады.

- Ешкім сот үкіміне қарсы емес. Алайда, өз ұсыныстарымызды құжат жүзінде дайындап, мемлекет басшысына жеткізуге толық құқымыз бар деп есептейміз. Жазаны жеңілдетуге қастысты шаралар қолдануға болады деген үмітіміз басым. Өйткені, әріптестерімізге қатысты шығарылған үкім тым қатаң. Бұған дейін олар көптеген сәбилер мен аналарды ажал ауызынан арашалап қалды, біраз отбасыны бақытқа кенелтті. Болашақта да әріптестеріміз қоғамға мол пайда әкеледі. Медицина қызметкерлері сот процесі бір жақты өткеніне реніштерін білдіруде, - дейді Асқар Кенжеғалиев.

- Осындай өте күрделі жағдайда медицина қызметкерлері қалыпты режимде қызмет етіп, тікелей міндеттерін атқара алмайды. Бұдан кейін, енді жетіліп келе жатқан жас медицина қызметкерлерінің көзінен қандай жалын, қандай от көруге болады? Осының бәрін ескере отырып, мемлекет басшысына, сондай-ақ, дәрігер құқықтарын қорғайтын республикалық қауымдастықтарға, кәсіподақ ұйымдарына өтінішімізді жолдап, әріптестеріміздің жазасын жеңілдетуге жұмыстанғымыз келеді, - деді Асқар Кенжеғалиев.

Айта кетейік, Асқар Кенжеғалиев сот үкімімен келіспеген орталықтың ұжымы жаппай жұмыстан кету жөнінде арыз беріп жатқаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Медицина қызметкерлерімен Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Айдарбеков және облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова, мәслихат депутаттары кездесіп, талап-тілектерін тыңдады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521