Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қарт аналарды құттықтады

Бүгін аудан әкімі Нұрсұлтан Бисембиев бірқатар абзал аналардың үйлеріне барып, мейрамдарымен құттықтады.

Аудан басшысымен бірге аудандық мәслихат хатшысы Альберт Аққайнанов, аудан әкімі аппаратының басшысы, Миялы, Жангелдин ауылдық округінің әкімдері болды. Алдымен аудандағы ең қарт тұрғын жангелдиндік Қойпан Шапихқызының үйіне ат басын бұрған аудан әкімі Нұрсұлтан Бисембиев биылғы жылы 98 жасқа толып отырған қарт ананы Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтап, сый-сияпатын ұсынды.

Аудан басшысының құрметіне ризашылығын білдірген Қойпан әже:

– Мезгілінде уақытпен санаспай еңбек еттік. Талай ауыр күндер бастан өтті. Енді сол еңбегіміздің рахатын көріп отырмыз. Сіздердің де елге істеп жатқан қызметтеріңіз қайырлы болсын! Бақыт та, байлық та денсаулықта. Сондықтан, дендеріңіз сау болсын! Ең бастысы еліміз тыныш болғандығын тілеймін, - деп батасын берді.

Бұдан кейін аудан әкімі миялылық аналар Үміт Бисенова мен Гүлзар Жекенованың отбасында болды.

«Ұлық болсаң – кішік бол» дегендей аудан әкімінің үйлеріне арнайы келіп, мерекемен құттықтауы мерейлерін өсірген аналар өз кезегінде алғыстарын білдіріп, ел үшін атқарып жатқан қызметтеріне сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, бұл күні аудандағы биылғы жылы мерейлі 70, 80 90 жасқа толатын 131 ақ жаулықты аналарға да аудан әкімі Нұрсұлтан Бисембиевтің атынан құттықтау хаттар табыс етіліп, сый-сияпат ұсынылды.

Бауыржан САҚТАСИНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521