Аудан орталығындағы «Арман» мәдениет үйінде аудандық әдістемелік орталықтың әдіскері Гүлбану Ысқақованың ұйымдастыруымен оқушылар арасында республикалық «Ақ шағала» хореографиялық фестиваль-байқауының аудандық кезеңі болып өтті. Дәстүрлі іс-шараға өнер мектептерінен 9 би тобы қатысты. Фестивальға қатысушылар халық, халықтық стильдегі (әлем халықтарының биі, қазақ биі), заманауи би (эстрадалық би, аралас би) бойынша сынға түсті.
- Байқау барысында, жас бишілер шығармаларының өзіндік ерекшеліктері, үйлесімділігі, композициялық шешімі, қойылымның идеясы, техникасы, орындау деңгейі, көркемдігі, сюжеттігі сараланып бағаланды. Нәтижесінде, А.Өміров атындағы балалар өнер мектебінің «Жұлдыз» би тобы І орынды жеңіп алса, «Айжан-ай» (Миялы балалар өнер мектебі) және «Айзере» би тобы (Миялы балалар өнер мектебі, Жасқайрат филиалы) ІІ орынды иеленді. Ал, ІІІ орынды «Айгөлек» (Миялы балалар өнер мектебі, Тасшағыл филиалы), «Мерай» (Миялы балалар өнер мектебі, Жасқайрат филиалы), «Тұмар» би топтары (Миялы балалар өнер мектебі) теңдей бөлісті. Сондай-ақ, «Сымбат» (Миялы балалар өнер мектебі,Мұқыр филиалы), «Салтанат» (Миялы балалар өнер мектебі, Сағыз филиалы), «Гүлім» би топтары (Миялы балалар өнер мектебі) алғыс хатпен марапатталды.
Осылайша, аудандық кезеңде топ жарған «Жұлдыз» би тобы облыстық кезеңге жолдама алды.
Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА