Таяуда Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы «Adal-as» өндірістік компаниясының қолдауымен ақын, ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығын балалар мен жасөспірімдер арасында насихаттау мақсатында ІІ Республикалық «Шәкәрім оқулары» онлайн байқауы өтті.
Оған Б.Аманшин атындағы орта мектебінің 8-сынып оқушысы Альмира Мәлік қатысты. Ол облыс көлемінде іріктелген 6 үздіктің ішінен суырылып шығып, өзінің білімділігін, белсенділігін танытып, ұшқыр ой, ұтымды жауабымен үздік үштікке іліккен болатын. Осылайша, Альмира Мәлік пен жетекшісі аудандық орталық кітапхананың кітапханашысы Айкөркем Тайлыбекова Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиялық кітапханасынан келген мадақтама мен Алғыс хат иеленіп, оны аудандық орталық кітапхана жүйесінің директорының орынбасары Гүлжан Айсағалиева табыстады.
Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА