Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Айдын, Бүйрек елді мекендеріне су құбыры тартылды  

Бұл туралы Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Айдулат Кенжебеков мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасы аясында осы жылдың сәуір айында Қызылқоға ауданының Айдын, Бүйрек елді мекендеріне ауылішілік су құбырының құрылысы басталса, қазір жұмыс аяқталып, халық игілігіне беріліп жатыр. Бүгінде аудан бойынша елді мекендерді ауыз сумен қамту көлемі 97 пайызға жеткен.

-Айдын елді мекені бойынша 1,75 шақырым су құбыры  жүргізіліп, 21 тұрғын үй ауыз сумен қамтылса, Бүйрек елді мекені бойынша 1,46 шақырым  су құбыры жүргізіліп, 20 тұрғын үйге ауыз су кіргізілді. Қазір халықты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін Қызылқоға ауданында ауқымды жұмыстар жүзеге асып жатыр, деді А.Кенжебеков.

Айта кетейік алдағы уақытта Кенбай, Қосқұлақ елді мекендеріне су құбырын жүргізу жоспарланып отыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521