Аида Балаева жұмыс сапарымен Атырау облысында болды

Бүгін, 2021 жылғы 5 қаңтарда, ақпарат мәселері және қоғамдық кеңестердің қызметі туралы заңдарға енгізілген жаңа толықтырулар мен қоғамдық бақылау туралы заң жобасын түсіндіру жұмыстары бойынша Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева жұмыс сапарымен Атырау облысына барды.

Сапар барысында министр облыс басшылығымен, ішкі саясат, жастар саясаты, дін істері басқармаларының басшыларымен, сондай-ақ жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары, үкіметтік емес ұйымдар жетекшілерімен, әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысатын қоғамдық ұйымдармен және волонтерлермен кездесті.

Атырау облысы жұртшылығы өкілдерімен кездесу барысында министр Мемлекет басшысы қол қойған жаңа заңдар мемлекеттік органдар қызметінің де, квазимемлекеттік ұйымдар жұмысының да ашықтығын арттырудағы маңызды құжат екендігін атап өтті. «Заңнамалық өзгерістер «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруға ықпал етеді», — деді Аида Балаева.

 c88bb2cf-75eb-4504-8e41-96b5fc95ba54

Еске сала кетейік, 2020 жылғы 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Министрдің айтуынша, түзетулерге мемлекеттік ақпараттық тапсырыс берудің жаңа ережелері енгізілген. Олар республикалық және аймақтық деңгейлерде жалпы тақырыптық бағыттарды айқындауды қарастырады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 3 қаңтарында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық кеңестердің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Осы заңға сәйкес Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қоғамдық кеңестердің қызметін үйлестіріп, әдістемелік қолдау көрсетеді.

9118b511-5409-4b60-a2b1-ae21f1f66631

Қазақстанда қоғамдық кеңестер 2015 жылдан бастап жұмыс істейді, ал жаңа түзетулер қоғамдық кеңестер құру мен олардың жұмыс істеу тетіктерін жетілдіруге жан-жақты мүмкіндік береді.

Сөйтіп, қазір қоғамдық кеңестерге НҚА жобалары мен үндеулерді олардың қоғамдағы өзектілікке сәйкес қарау туралы шешім қабылдауға өкілеттік берілді.

Облыс активімен кездесуде Аида Балаева азаматтық қоғам институттарын мемлекеттің шешім қабылдау процестеріне тартудың келесі мақсатты қадамы «Қоғамдық бақылау туралы» Заң жобасы болатынын атап өтті.

«Құрылымды қалыптастырушы Заң қоғамдық бақылаудың жүйеленуіне және тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді», - деді министр.

Оған қоса, Аида Балаева аймақ жұртшылығы өкілдеріне «петиция» ұғымын енгізу мен оны қарау тәртібін реттейтін нормативтік-құқықтық база әзірленіп жатқанын айтты

Сонымен бірге, жұмыс сапары барысында министр Атырау облысы Дін істері басқармасының "Ақпараттық талдау орталығы" КММ, Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының «Азаматтық орталығы» КММ және облыстағы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мәселелерімен айналысатын «Мөлдір көз» қоғамдық бірлестігінің жұмысымен танысты. 

podpiska_kaz

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelsizdikke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика