Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

890 түп көшет егілді

«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» демекші, соңғы жылдары елімізде тал егу жұмыстары дәстүрлі үрдіске айналды.

Бұған өткен аптада «Таза табиғат» ұлттық жобасының іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында облыс әкімдігінің қолдауымен өткен «Бұл менің ағашым» атты ағаш отырғызу акциясы дәлел. Акцияға аудан тұрғындары да белсенділікпен қатысып, өз ауылдарында жасыл желек қорының көбеюіне атсалысты. Орман шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен тұспа-тұс келген акцияда аудан бойынша 890 түп тал көшеттері егілді. Атап айтқанда, Миялыда – 70 түп, Жангелдинде – 100 түп, Ойылда – 60 түп, Көздіғарада – 250 түп, Тасшағылда – 180 түп, Жамбылда – 30 түп, Тайсойғанда – 50 түп, Мұқырда – 150 түп ясин және айлант талдарының көшеттері отырғызылды.

– Акция аясында округтегі мекеме қызметкерлерімен, ерікті жастармен «Д.Қабесов» атындағы және жастар паркіне ясин талының 250 көшеті отырғызылып, суарылды. Алдағы сенбіде құм көшкінін тоқтату мақсатында Бүйрек елді мекенінің оңтүстігінде 350 түп сексеуіл көшетін егуді жоспарлап отырмыз. Тал егілетін шұңқырлар қазылып, тыңайтқыштар дайын тұр. Сонымен бірге, мал түспес үшін қоршауы, тамшылатып суару құрылғылары орнатылды, - дейді Көздіғара ауылдық округінің әкімі Абат Ақбалашұлы. Алдағы уақытта да тал егу акциялары «Таза табиғат» ұлттық жобасы аясында өткізіліп тұратын болады.

 

Бауыржан БЕРДІҒАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT