Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Құтқарушыларды құттықтады

Сейсенбі күні аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында құтқарушылар күніне орай, салтанатты шара ұйымдастырылып, оған сала ардагерлері мен төтенше жағдайлар саласының қызметкерлері қатысты.

Жиында алдымен сөз алған аудан әкімінің орынбасары Айдулат Кенжебеков:

- Табиғаттың тосын жағдайына қарсы тұратын салада еңбек ететін қызметкерлер күнделікті дабыл бойынша отпен күресіп, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алып, оларды жоюды қамтамасыз етіп келеді. Азаматтық қорғау саласы қызметкерлері үшін құтқару, сақтау, көмектесу, қорғау – ең басты міндет болып табылады. Осындай жауапкершілігі мол, қиын және қауіпті салада жүрген ауданның төтенше жағдай қызметкерлері өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқаруда. Қандай қиыншылыққа тап келсе де олар барлығына жігерлілік танытуда. Аудандағы төтенше жағдайға тосқауыл қойып, тұрғындар өмірін құтқаруда ерен еңбек сіңіріп жүрген әр қызметкердің жұмысы – ерлікпен пара-пар, - деді.

Одан соң сала мамандары Ринат Мұратұлы мен Айболат Аймұратұлын аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттады. Сонымен қатар, аудандық мәслихат аппаратының басшысы Қанат Құмаров қызметкерлерді айтулы мерекелерімен құттықтап, аудандық мәслихат хатшысының Алғыс хатымен Асылан Алдоңғаров, Махамбет Байжанұлы, Жәнібек Өтешовттерді мадақтады.

Шара соңында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Карин, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау подполковнигі Ақнұржан Ақжігітов, №10 Өрт сөндіру бөлімшесінің бастығы Талғат Орақовтар сөз сөйлеп, қызметкерлерді мерекелерімен құттықтады.

 

Әйгерім ШАЯХМЕТОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521