Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен құттықтады

Құрметті жерлестер! Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақстан халқының бірлігі мен ұлтаралық келісім – Тәуелсіз еліміздің ең басты құндылықтары. Тарих көшінде халықтың ауызбірлігі теңдессіз ауқымды бастамаларды іске асыруға көмектесуде. Біз қасиетті қара шаңырақтың астында біртұтас ынтымаққа ұйыған еліміздің әртүрлі этностарының өзара түсіністігінің арқасында әлемдік қоғамдастықта өз орнын ойып тұрып алған қуатты мемлекетке айналдық. Атыраулықтар мемлекет негіздерінің мызғымас тұтастығын құрметтей отырып, Жаңа Қазақстан қағидаттары мен ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделін қызу қолдайды. Қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға, патриотизмге тәрбиелеуге және мәдениетаралық диалогтың қазақстандық үлгісін өркендетуге біздің облыс та өзінің елеулі үлесін қосып келеді. Ортақ Отанымыздың тағдыры үшін жауапкершілік – еліміздің табысты дамуының стратегиялық серпіні, біздің бірлігіміз бен ертеңгі күнге деген сенімділігіміздің сарқылмас қайнар көзі. Баршаңызға бақ-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін!

Атырау облысының әкімі С.Шәпкенов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз