Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ТАТУЛЫҚ ПЕН ТҰТАСТЫҚ ТҰҒЫРЫ

Сурет ғаламтордан алынды

Құрметті аудан тұрғындары! Баршаңызды 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Татулық пен тұтастық - біздің барлық жетістіктеріміз бен жеңістеріміздің тұғыры. Сондықтан да, бұл күн егемен еліміз үшін ең жарқын және ең мерейлі мерекелердің бірі болып саналады . Осыдан отыз екі жыл бұрын түрлі ұлт өкілдерін бір шаңырақтың астына жиып, бір тудың басына топтастырған Тәуелсіз еліміз бүгінде әлем мойындаған іргелі мемлекетке айналды. Бұл мейрам - көп ұлтты халқымыздың ынтымағы мен бірлігінің, қоғамдық келісім мен қарышты дамуымыздың символы іспеттес.

Ал, қазіргі таңда қолға алынып жатқан жүйелі жаңғыру үрдістері бірлігіміздің нығая түсуіне ықпал етіп, Жаңа Қазақстанның жаңа белестерді бағындыруына жол ашады. Халқымыздың ырыс-ынтымағы тарих пен тағдыр сыйы ғана емес, еліміздің әр азаматының ерік-жігері мен ерен еңбегінің, болашаққа деген зор жауапкершілігінің нәтижесі екендігі даусыз. Осы орайда, Сіздердің де өлкеміздің өркендеуі, еліміздің дамуы жолындағы сүбелі үлестеріңізді мерейлі мерекеде ықыласпен атап өтемін. Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт-береке, жеке өмірлеріңізге сәттілік тілеймін!

Қанат ӘЗМҰХАНОВ,

аудан әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT