Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қоғамда бейбіт митинг өткізу мәдениеті қалыптаспаған – Бас прокурор

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Бас прокуроры Берік Асылов Мәжілісте қаңтар оқиғасындағы ең қауіпті жағдай Алматы қаласында болғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қоғамда бейбіт митинг өткізу мәдениеті қалыптаспағанын мойындауымыз керек. Адамдар жиналып, көшеге шыққан кезде бейбіт Митингтер туралы заңның барлық нормаларын бұзды. Ұйымдастырушылар әкімдікті хабардар етпей, мыңдаған адамды жинады. Ватсап пен Телеграм арқылы тәртіпсіздікке қатысушылардың жиналуын және қозғалысын үйлестірген», - деді Берік Асылов Мәжілістің бүгінгі отырысында.

Алматыда санаулы сағаттар ішінде бір топта қатысушылар саны 5 жарым мыңға дейін көбейді. Сол сияқты, Жамбыл облысында чатта қатысушылар саны 4 мыңға дейін өсті.

«Кейін «тобыр әсері» орын алып, адамдар полицияның заңды талабын орындамай, қарсылық көрсетті. Өртеп, тонады және күш қолдана бастады. Бұл дегеніміз – нағыз қылмыс. Бұл үшін Алматыға арнайы көрші облыстардан адамдар келген. Кейін жағдай одан әрі ушыға түсті. Тек бір күнде – 5 қаңтарда 8 өңірде әкімдіктерге шабуыл жасалды. «Анна», «Қорған» және «Алпамыс» аңшылық дүкендері тоналды. Кейін олар қару-жарақты машинамен алаңға жеткізіп, митингке қатысушыларға тарата бастады», - деді Бас прокурор.

Сонымен бірге, Алматының Полиция департаменті мен бөлімдеріне шабуыл жасалды. Олардың мақсаты қару-жарақ бөлмелері болды.

«Сағат 18.00-де Талдықорған мен Ақтөбеде облыс әкімдіктерін, Семей қаласы әкімдігін басып алды. Түнде, бірнеше рет жасалған шабуылдан кейін Жамбыл облысы әкімдігіне заңсыз кірді. Одан бөлек, 5 қаңтар күні кешке, Алматы мен Ақтөбе халықаралық әуежайларын бір уақытта басып алды. Яғни, ең қауіпті жағдай оңтүстік астанада орын алды», - деді Берік Асылов.

www.inform.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT