Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

"Музей түні" өлеңі оқылды

8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Қызылқоға тарихи-өлкетану музейінде «Ана – өмірдің шуағы» тақырыбында әйел аналармен дөңгелек үстел болып өтті. Шара Әйгерім Аманқостың мәнерлеп оқуындағы М.Мақатаевтың «Ана» атты өлеңімен ашылды.

Оған әр салада еңбек етіп жүрген аналарымыз ауданның Құрметті азаматы Жәния Ізбасқан, балалар кітапханасының меңгерушісі Роза Сәмсинқызы, архив және құжаттама басқармасының басшысы Клара Сапар қатысты. Шара барысында, музей директоры Гүлшат Базарбаева жүрек жарды лебізін білдірді. Ал, Нұрдәулет Ноғай «Ана», Зейнеп Ыбырай «Ақ мамам» әндерін орындаса, «Шұғыла» бишілер тобы «Аққу биін» мың бұрала биледі.

Шара соңында, балалар кітапханасының меңгерушісі Роза Сәмсинқызы музей ұжымына арнап, «Музей түні» атты өзі шығарған өлең жолдарын оқыса, архив және құжаттама басқармасының басшысы Клара Қариполлақызы музей ұжымына алғысын білдірді.

Нұргүл САҒЫНОВА, музей өнертанушысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT