Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жазушы өмірімен танысты

Аудандық орталық кітапхананың бірыңғай қорларды ұйымдастыру және пайдалану секторының ұйымдастыруымен қарымды қаламгер, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Махамбет сыйлығының иегері, драматург-жазушы Берік Қорқытовтың туғанына 90 жыл толуына орай «Қазыналы қаламгер» атты тақырыптық кеш өтті.

Мақсат – драматург-жазушы Берік Қорқытовтың драмалық шығармаларын, тарихи шежірелік туындыларын оқырмандарға насихаттау болатын. Шара барысында, Б.Аманшин атындағы орта мектептің 8-сынып оқушылары Іңкәр Төлебаева мен Дана Қалыбай қаламгердің облыстық «Атырау» газетінде жарияланған «Алғашқы адым», «Бірінші редакторым – Сүлеймен Сауырғалиев» атты естелік мақалаларын оқып, кітапхана қызметкерлері оқырмандарға Берік Қорқытовтың өміртарихын таныстырды.

Гүлмира МАҚСОТҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521