Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ұлы даланы ұлықтау парызымыз

Сағыз орта мектебінің 9-10 сынып оқушылары арасында өткен дөңгелек үстелде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы талқыланып, пікір алмасты.

Аталмыш мектептің тарих пәнінің мұғалімі Рысты Нұрсанованың ұйымдастыруымен өткен шарада оқушылар көкейтесті сұрақтарына жауап алды. Бағдарламалық мақала аясында айтылған әңгімелер мен ұсыныстар рухани жадымызды оятқаны рас. Соның бірі – кітаптарда жазылған тарихи әңгімелерді кино арқылы түсіріп, қазақ тарихын әлемге таныту. Себебі, қазіргі қоғамда кітап оқитын адамдардың саны азайып барады. Том-том кітап шыққанымен, оқылғаны аз. Сондықтан, ұлы даламыздың сан ғасыр салған өрнегін ұлықтай отырып, болашағымызды нақтылай білсек қазақ елінің болашағы жарқын болары анық.

Кәмшат АРАЛБАЙ,

Сағыз орта мектебінің 10-сынып оқушысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521