Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖЕРЛЕСТЕР  ДЕС БЕРМЕДІ

 Ұлттық спортты ұлықтап жүрген аудан спортшылары Атырау қаласында өткен Наурыз тойға қатысып, қуанышпен  қайтты.

Алдымен 21 наурыз күні Ретро паркте өткен шарада ләңгі тебу сынында  Мәлік Төлеуішов 220 шекіп, жеңімпаз атанса, 199 шекіген Шерхан Еңсегенұлы екінші орынды иеленіп, қаржылай сыйлыққа ие болды. Ал, 22 наурыз күн «Исатай-Махамбет» алаңында өткен Наурыз тойда Шерхан 584, Мәлік 575 ұпай жинап, тағы да бірінші, екінші орынды өзара бөлісті.

Дәл сол күні қалалық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған ләңгі тебу сынында да қос жерлес алғашқы екі орынды  жеңіп алды. Сөйтіп екі күнде қос жерлес үш жарыста алдыңғы орыннан көрініп, аудан абыройын асқақтатып оралды. Сонымен қатар орталық алаңда өткен «Түйе балуан» сайысында Дулат Бәгенов бірінші орынды,  Бекбол Мұқашов үшінші орынды иеленді. Осылайша, жерлестер ұлттық спорттың ауданда өркендеп, дамып келе жатқандығын тағы бір мәрте паш етті.

Дулат БЕРІК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT