Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АУДАН ӘКІМІНІҢ ЖҮЛДЕСІ

Сейсенбі күні Миялы спорт кешенінде ауданның құрылғанына 80 жыл толуына арналған бокстан жасөспірімдер арасында облыстық аудан әкімнің жүлдесі өтуде.

Атырау облысының Жылыой, Махамбет, Мақат, Индер, Исатай, Құрманғазы аудандарынан және Сағыз, Миялы ауылдарынан 23 салмақ категориясы бойынша бақ сынауда.

Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Жарас Есенғалиев пен аудандық мәслихат төрағасы Толқын Бейсқали жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Шара барысында «Ойыл аруы» би тобы «Томирис» биін мың бұрала билесе, «Арман» дуэті «Алаш ұраны» әнін орындап, қатысушыларды жігерлендірді. Төрт күнге созылған боксшылар бәсекесінің қорытындысы 29 наурыз күні шығады. Толығырақ газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.

Әйгерім БАЙДӘУЛЕТ

 

 

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT