Таяуда көрші Мақат ауданында Кеңес әскерлерінің Ауған елінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай жасөспірімдер арасында дзюдодан республикалық турнир өтті.
Жарысқа Қызылқоға балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің балуандары қатысып, жеңімпаз-жүлдегерлер қатарынан көрінді. Айталық, Есенжан Қуатұлы (Мұқыр) мен Нұртай Бақтыбай (Көздіғара) қарсылас шақ келтірмей турнир жеңімпазы атанса, Атабек Ахмет (Көздіғара), Орынбасар Әлихан (Миялы), Бауыржан Тасыбайұлы (Сағыз), Дамир Асылбекұлы (Сағыз), Ерхан Мұраттар (Сағыз) екінші орынға қол жеткізді. Ал, Арнат Мақсот (Миялы), Жеңіс Ниязғали (Сағыз), Шайхадин Нұржан (Сағыз), Марат Асылхан (Миялы), Бекарыс Хамат (Миялы), Жоламан Аманбай (Миялы), Құтжан Ерасыл (Миялы), Есенбай Сұңғаттар (Ойыл) үшінші орынды еншіледі.
Бұл ретте, балғын балуандардың бапкерлері Бүркіт Орынбасаров, Рүстем Ғұмаров, Сәлімгерей Нұрболғанов, Марат Әбдуәлі, Рашит Иманғазиев, Жарасқан Ізімқұлов, Қуантқан Шойын, Серік Меңдештердің еңбегі зор.