Жақында Әзербайжан астанасы Баку қаласында дзюдо күресінен жастар арасында халықаралық турнир өтті.
Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған жарыста 100 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғаған миялылық Жанұзақ Ермағамбет қола жүлдегер атанды. 19 жастағы балуан алдымен әзербайжандық қарсыласын жеңді. Ал, жартылай финалда тағы бір азербайжандық балуаннан айласын асыра алмады. Үшінші орын үшін грузиндік балуанмен кездескен Жанұзақ қарсыласын айқын басымдылықпен жеңіп, халықаралық турнирдің қола жүлдесіне ие болды.
Жанұзақ бүгінде Алматы қаласындағы республикалық спорт колледжінде білім алуда. Болашағынан зор үміт күттіретін жас балуан, қазірдің өзінде қазақ күресі, дзюдодан республикалық, халықаралық сайыстардың жүлдегері атанып үлгерді.
Нұрәділ ЕЛАМАН