Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҮЗДІК СПОРТШЫЛАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала.

Бұл орайда, өткен жылы аудан спортшылары ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жете білді. Көптеген спортшыларымыз облыстық, республикалық жарыстарда жеңіс тұғырынан көрінсе, бірқатары халықаралық, әлемдік додаларда еліміздің көк туын көкке көтеріп, әнұранын шырқатты.

Міне, осы спортшыларымызды ұлықтау мақсатында өткен аптаның сенбісі күні «Арман» мәдениет үйінде салтанаты шара өтті. Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырған шарада қатысушылар алдымен аудан спорты туралы дайындалған бейнебаянды тамашалады.

szh2

Мерекелік шарада құттықтау тілегін білдірген аудан әкімінің орынбасары Марат Әбуов:

– Аудан спорты еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін қарқынды дамыды. Осы жылдар ішінде талай байрақты бәсекелерде спортшыларымыздың мерейі үстем болып, жоғары жетістіктерге жетті. Өзге елдерде Әнұранымызды шырқатып, көк байрағымызды желбірете білген спорт қырандары ауданымыздың мақтанышы, әрі өскелең жас ұрпаққа бағыт-бағдар берері сөзсіз. Бүгінде ел намысын абыроймен қорғай білген дарабоздарымыздың ізін жалғаған жас ұландар да жетерлік. Соңғы кездері жастардың спортқа деген ықыласы мен салауатты өмір салтын қалыптастыру жолында белсенділік танытуы көңіл қуантады. Алға қарай да дүбірлі додаларда аудан, облыс абыройын асқақтатып, еліміздің көк туын желбірете беріңіздер! Алар асуларыңыз көбейе берсін, - деді.

Сонымен қатар, жиында аудандық мәслихат хатшысы Толқын Бейсқали, Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы, мәслихат депутаты Мәлік Сүлейменов, аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Мақсот Мұқанов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Альберт Аққайнанов жиынға қатысушы спортшыларды құттықтап, сөз сөйледі.

szh3

Жиын барысында олар спорт саласының үздіктерін ұлықтап, көшеаралық лиганың жеңімпаздарын марапаттаса, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жарас Есенғалиев ауыл көшелері арасында өткен спорттық ойындарға қатысып, белсенділік танытқанқаны және жеңіске деген жігерлілігі үшін бір топ азаматтарды бөлімнің атынан алғыс хатпен марапаттап, жарыс төрешілеріне естелік сыйлық табыс етті.

Бауыржан САҚТАСИНОВ

ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ

Ғибрат ӘМІРШЕ – «Жыл спортшысы-2019»

Нұрлыбек ИСАТАЕВ – «Жыл спортшысы-2019»

Аманқұл БИЖАН – «Үздік төреші -2019»

Амангелді САҚТАҒАНОВ – «Үздік шахматшы-2019»

Аманжол БЕКБАУЛИЕВ – «Үздік жаттықтырушы -2019»

Ринат РЕВКОВ – «Үздік волейболшы-2019»

Айзада АЛМАЗҚЫЗЫ – «Үздік волейболшы-2019»

Мұрагер СЕРІКҚЛЫ – «Үздік баскетболшы-2019»

Зульфина ӘБДІҒАЛИЕВА – «Үздік теннисші-2019»

Рауан СИСЕНҒАЛИ – «Үздік тоғызқұмалақшы-2019»

Құспанғали ОРЫСБАЕВ – «Үздік ардагер спортшы-2019»

Ыдырыс НОҒАЙБАЕВ – «Джиу-джитсу үздігі-2019»

Қуаныш ЕСБОЛАЙҰЛЫ – «Үздік боксшы-2019»

Руслан ІЗҒАЛИЕВ – «Үздік дзюдошы-2019»

Бекбол МҰҚАШ – «Қазақ күресінің үздігі-2019»

«Ұлттық спорт түрлері» федерациясы – «Үздік спорт федерациясы-2019»

Аманбек АРУЕВ – «Үздік жас спортшы-2019»

Қуандық МАРАТҰЛЫ – «Үздік футболшы-2019»

Райымбек ЯКУПОВ – «Үздік жанкүйер-2019»

Құрманбек ЖАҢАБАЕВ – «Үздік демеуші-2019»

Алмаз ЕСЕНҒАЛИЕВ – «Үздік волонтер-2019»

Баскетбол

«Дидар» командасы – І орын

«Телевишка» командасы – ІІ орын

«Мөлтек» командасы – ІІІ орын

Шахмат

«ПМК-Достық» командасы – І орын

«Телевишка» командасы – ІІ орын

«Керуен» командасы – ІІІ орын

Тоғызқұмалақ

«Автобаза-Болашақ» командасы – І орын

«Динамо-Водстрой» командасы – ІІ орын

«Керуен» командасы – ІІІ орын

Дойбы

«Телевишка» командасы – І орын

«Керуен» командасы – ІІ орын

«Динамо-Водстрой» командасы – ІІІ орын

Үстел теннисі

«Автобаза-Болашақ» командасы – І орын

«Дидар» командасы – ІІ орын

«Керуен» командасы – ІІІ орын

Волейбол

«Керуен» командасы – І орын

«Телевишка» командасы – ІІ орын

«Автобаза-Болашақ» командасы – ІІІ орын

Шағын футбол

«Телевишка» командасы – І орын

«Керуен» командасы – ІІ орын

«Мөлтек» командасы – ІІІ орын

Жалпыкомандалық есеп бойынша

«Телевишка» командасы – І орын

«Керуен» командасы – ІІ орын

«Дидар» командасы – ІІІ орын

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521