Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Үстел теннисінің үздіктері анықталды

Миялы спорт кешенінде аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен үстел теннисінен ерлер арасында аудандық турнир өтті.

Оған Миялы, Ойыл, Көздіғара, Тасшағыл ауылдық округтерінен барлығы 13 спортшы қатысып, айналма жүйесі бойынша сынға түсті.

Нәтижесінде, барлық қарсыласынан басым түскен Алмаз Есенғалиев жеңімпаз атанса, екінші, үшінші орындарды Жандос Тілекбаев пен Мәлік Төлеуішов өзара бөлісті. Сондай-ақ, турнирге қатысқан Думан Жекенов пен Базарбай Теміржанов «Үздік ойыншы» атанды.

Жарыс жеңімпазы мен жүлдегерлерін бөлімнің бас маманы Ақнұр Аязбайқызы диплом және медальдармен марапаттады.

Дулат МӘТЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521