Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Сербиядан күміс жүлде

«Атыраулық палуан Еркебұлан Қуанғалиев Сербияда жауынгерлік самбодан ересектер арасында өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды», - деп хабарлайды Атырау облыстық комуникациялар қызметі.

Әлемдік додаға 30 мемлекеттен 400-ден астам спортшы қатысты. Жерлесіміз Еркебұлан Қуанғалиев 52 келі салмақ дәрежесінде күресіп, іріктеу кезеңінде чехиялық палуанды ұтқан. Ал жартылай финалда испаниялық қарсыласынан басым түсіп, ақтық сында ресейлік спортшыға жол берді.

Еске сала кетейік, дәл осы әлемдік додаға атыраулық Абылайхан Мейрамбекұлы да қатысып, жастар арасында әлем чемпионы атанған болатын.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT