Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

САҒЫЗДЫҚ ЖАСӨСПІРІМДЕР ЖАРАП ТҰР

Атырау қаласында джиу-джитсудан файтинг систем, неваза систем бөлімдерінен жас жеткіншектер мен жасөспірімдер арасында қалалық ашық чемпионат өтті.

Оған Сағыз ауылының жас балуандары қатысып жеңімпаз-жүлдегерлер атанды.

Атап айтқанда, файтинг бөлімінде Берікболсын Жанболатұлы (34 келі), Азамат Мағзом (37 келі), Серәлі Тұманбай (45 келі) бірінші орынды жеңіп алса, Дидар Кеңес (41 келі), Жомарт Қайратұлы (42 келі), Әділжан Жандос (45 келі), Бекзат Мағзом (51 келі), Исламбек Қанатұлы (55 келі), Ыдырыс Ноғайбаев (60 келі), Батырбек Сағытжан (66 келі) екінші орынды иеленді. Ал, неваза бөлімінде боз кілемге шыққан Берікболсын Жанболатұлы (34 келі), Дидар Кеңес (41 келі), Серәлі Тұманбай (45 келі), Әділжан Амандостар (45 келі) қарсылас шақ келтірмей жеңімпаз атанса, Бекзат Мағзом (51 келі), Исламбек Қанатұлы (55 келі), Ыдырыс Ноғайбаев (60 келі), Батырбек Сағытжандар (66 келі) екінші орынға ие болды. Ал, үшінші орын үшін болған белдесуде Жансерік Мақсот (31 келі), Жеңісбек Қыдырбай (37 келі), Жомарт Қайратұлы (42 келі), Батырбек Сағытжан (66 келі), Әбді-Әли Қалиболлалардың (73 келі) мерейлері үстем болды.

Осы тұста, жасөспірімдердің шеберлігін шыңдап, жарыс жолына дайындап жүрген Аманжол Бекбаулиевтің еңбегінің зор екенін айта кеткен жөн.

Нұрәділ ЕЛАМАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT