Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Сұңғат Закарияев алтыншы мәрте «Атырау барысы» атанды

5 мамыр күні  «Атырау» спорт кешенінде Астана күніне орай ұйымдастырылған қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық турниріне Атырау облыстық іріктеу сайыстары өтті.

Атырау қаласы және аудандардан 16 балуан өзара мықтыны анықтады. Жарыстың ашылу салтанатында Дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері мен спорт мамандары қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

279913553_3304324316454603_8289698173642147447_n

«Атырау барысы 2022» атағына қызылқоғалық балуан Закарияев Сұңғат ие болды. Сұңғат осымен алтыншы мәрте облыста үздік атанып отыр.

Екінші орынға Атырау қаласының өкілі Байбосынов Нұржан ие болса, мақаттық Сапарғалиев Әділет үздік үштікті қорытындылады. Жарыс жеңімпаздарына арнайы чемиондық белдік пен қаржылай сыйақы табыс етілді.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521