Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ОҚУШЫЛАР ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Жақында Атырау аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығының ұйымдастыруымен қаладағы №2 орта мектеп базасында пневматикалық мылтық және тапанша атудан облыстық «Жас мерген» сайысы өтті.

Оған облыс, қала, аудандардағы мектеп оқушылары және колледж студенттерінен құралған 20 команда қатысып, бақтарын сынады. Бұл сайыста аудан намысын қорғаған Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары барлық турда 104 ұпай жинап командалық есепте үшінші орынға қол жеткізсе, жекелей сайыста Айсұлу Артығалиева нысананы дәл көздеп, екінші орынды иеленді. «Қайсар» тобы болып сынға түскен миялылық команда сапында Мерей Есенбай, Аян Ғалымбекұлы, Шәрипа Жолдығалиева, Айсұлу Артығалиевалар жарыс жолында үздік нәтиже көрсетіп, аудан мерейін үстем етті.

Ал, команданың жетекшісі аталмыш мектептегі алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Азамат Молдашев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT