Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АМАНЖОЛДЫҢ ШӘКІРТТЕРІ ТАҒЫ ДА ТОП ЖАРДЫ

Ақтөбе қаласында джиу-джитсудан «А-КАЙ» атты жасөспірімдер арасында облыстық ашық біріншілік өтті.

«Файтинг» және «Неваза» түрінен өткен жарысқа Сағыз дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде тәлім алатын спортшылар қатысып жеңімпаз-жүлдегер атанды. Айталық, татами төрінде 60 келіде бақ сынаған Ыдырыс Ноғайбаев барлық қарсыластарынан басым түсіп жарыс жеңімпазы атанды. Ал, Исламбек Қанатұлы 55 келі салмақта екінші орынды иеленсе, Мағзом Бекзат (55 келі), Мұханбет Ғайни (50 келі), Сералы Тұманбай (46 келі), Батырбек Сағытжан 66 келі салмақта үшінші орынға қол жеткізді.

Аталмыш спорт түрімен ауданымызда тек сағыздықтар айналысады. Жақсы дайындықтың нәтижесінде, жерлес джиу-джитсушылар небір байрақты бәсекелерден, ішкі чемпионттардан жүлдемен оралып отыр. Осы тұста, жасөспірімдердің татами төрінде жасындай жарқырауға себепкер болып жүрген сағыздық жаттықтырушы Аманжол Бекбаулиевтің еңбегі зор екенін айта кеткен жөн.

Нұрәділ БИЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT