Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Наурызбек күміс, Сұңғат қола жүлдегер

Қызылорда қаласында қазақ күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өз жалауын желбіретті.

Жылдың ең басты жарысына еліміздің 14 облысы мен республикалық маңызы бар 3 қаласынан барлығы 600-ге жуық балуан қатысты. Төрт күнге созылған жарыстың алғашқы күнінде 90 келіде облыс намысын қорғаған жерлесіміз Сұңғат Закарияев алғашқы белдесулерін сәтті бастағанымен, жартылай финалда сыралғы қарсыласы Айбол Айтбекке есе жіберді. Ал, үшінші орын үшін өтуі тиіс белдсеуде қарсыласының жарақат алуына байланысты Сұңғат қола жүлдегер атанды. Жарыстың екінші күнінде жарыс жолына шыққан Наурызбек Майлашев (74 келі) барлық қарсыластарынан басым түсіп, ақтық сынға алқынбай жетті.

nauryzbek

Алайда, финалда Алматы қаласының балуанына есе жіберіп күміс жүлдені қанағат тұтты. Сондай-ақ, 66 келіде белдескен Нұрболат Ізімғалиев алғашқы белдесулерін сәтті бастағанымен қола медаль үшін тартыста ұтылып, жарыс жолынан шығып қалды. Осылайша, еліміздің басты жарысында Наурызбек күміс, Сұңғат қола медаль еншілеп, ел құрамасы сапына алынды.

Дулат БЕРІК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521