Дүйсенбі күні Миялы спорт кешенінде жастар күніне орай волейболдан аудандық жарыс өтті.
Жарыстың ерекшелігі әр команда да ерлер мен әйелдер бірлесе өнер көрсетуінде еді. Аталмыш жарысқа ауылдық округтерден барлығы 9 команда бақ сынады. Аудандық доданы тамашалауға келген жанкүйерлерде шек жоқ. Тартысқа толы жарыстың финалдық бәсекесіне миялылықтар мен көздіғаралық спортшылар жолықты. Ойын барысында команда деңгейлері бірдей болғанымен, миялылықтардың мерейі үстем болып, жарыстың жеңімпазы атанды. Ал, турнирдің екінші және үшінші орындарды Көздіғара мен Жангелдин ауылдық округтерінің спортшылары иемденді. Жарыс соңында, жеңімпаз командаларға естелік сыйлықтар мен кубоктар табыс етілді.
Нұрәділ БИЖАН