Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Футбол мерекесі жалғасуда

Өткен аптада аудан орталығында көшеаралық «Миялы Лигасы» басталғанын хабарлаған болатынбыз.

Қазір дүбірлі додадың аяқталуына санаулы кезеңдер қалды. Көш басында «Мөлтек» командасы, ал, оларды ентелеп «Керуен», «Телевышка», «Дидар» футболшырлары қуып келеді. Жарысқа қатысқан барлық командалардың белсенділігі ұйымдастырушылар көңілінен шығуда. Себебі, әрбір команда өздеріне эмблемалар мен спорттық формалар жасатып, бәсекелестікті арттырған. Тіпті, «Дидар» құрамасының әлеуметтік желідегі таныстыру бейнеролигі желі пайдаланушыларын тәнті етті. Турнирдің әрбір ойыны көрерменге лық толы. Кешкілік стадионнан ине шаншыр бос орын таба алмайсыз. Ауылдастардың аяқ допқа деген ықыласы өскендігін аңғару қиын емес. Жарыста осал қарсылас жоқ десе болғандай. Додаға қатысушы 7 команданың да деңгейі бірдей. Қазір лиганың IV тур ойындары өтуде. Турнир фавариті саналатын «Телевышка» мен «Дидар» командалары өзара кездесіп, тартысқа толы ойында екі жақтың аяқдопшылары да аянып қалмады.

f

Алдымен ойын есебін «Телевышка» командасының қорғаушысы Абзал Мусин ашты. Арада көп уақыт өтпей «Дидар» шабуылшысы Руслан Нұрғалиев қорғаныстың қателігін ұтымды пайдаланып, есепті теңестірді. Екінші таймда да есеп өзгеріссіз қалып, командалар ұпай бөлісті. Ал, жарысты сәтсіз бастаған «Мөлтек» командасы «ПМК-Достық» командасын 1:0 есебімен жеңсе, «Водстрой Динамо» мен «Автобаза Мөлтек» командалары 0:0 есеппен тең ойнады. Төрт турдан кейін үздік сұрмергендер көшін «Автобаза Мөлтек» командасының жартылай қорғаушысы Айбол Ғаниев бастауда. Ол төрт ойында үш рет көзге түсті.

f

Нұрәділ ЕЛАМАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT