Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«Медеу» мұз айдыны қалай жаңартылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – «Медеу» мұз айдынының айналасында жаңа аллеялар мен серуендеуге арналған жолдар пайда болады.

Алматы спорт нысандарын басқару жөніндегі дирекциясының мәліметінше, 2023 жылы «Медеу» мұз айдыны мен оның инженерлік желілерінің техникалық жағдайын тексеру және бағалау жұмыстары жүргізілді. Сараптама қорытындысына сәйкес, қазіргі уақытта мұз айдыны жаппай сырғанау үшін қауіпсіздік талаптарына сай келеді. 

Алматы әкімдігі «Медеу» аумағын жаңғырту бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілетінін хабарлады. Олар:

    мұз айдынының батыс бөлігінде серуендеу аллеясын құру
    айдын айналасында жаяу жүргіншілерге арналған баспалдақтар орнату
    оңтүстік беткейде, яғни Есентай өзенінің оң жағалауы бойымен көркейту жұмыстарын жүргізу
    мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ыңғайлы болуы үшін оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс бөлігінде екі жедел саты орнату көзделген.

Одан бөлек инженерлік жүйелерді жаңғырту жұмыстары барысында мұз жабынын суыту жүйесін жаңарту, құбыр желілерін толық ауыстыра отырып, технологиялық тақтаны жаңарту, жылыту жүйесін газға ауыстыру, жылыту және көрермендерге арналған орындарды жылыту жүйесін жаңғырту және келушілерге қолайлы жағдай жасау үшін инфрақұрылымдық элементтерді жаңарту жұмыстары жоспарланған. Сонымен қатар «Медеу» қонақ үйін толық реконструкциялау жобаға енген.

    - Реконструкциялау барысында «Медеу» мұз айдынының тарихи келбеті мен мәдени мұрасын сақтау басты басымдық болып қала береді, - деп хабарлады әкімдіктен.

Еске салайық, өткен жылы Алматы әкімі Ерболат Досаев «Медеу» мұз айдыны модернизациядан өтетінін айтқан болатын.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT