Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

МҰҒАЛІМДЕРДІҢ МЕРЕЙІ ҮСТЕМ

    Атырау қаласындағы Абай орталығында «Каникулдық мектеп» жобасы аясында Білім беру бөлімдерінің  мамандары мен білім беру мекеме  басшыларының арасында І облыстық спартакиада өтті.

   Облыстық білім беру басқармасының ұйымдастыруымен өткен жарысқа барлығы 10 команда қатысып, олар волейбол, армрестлинг, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі және садақ ату спорты бойынша сынға түсті.

     Байрақты бәсекеде өнер көрсеткен аудан ұстаздары намысты қолдан бермеді. Тартысты өткен додада жерлестеріміз армрестлинг пен волейболдан екінші, тоғызқұмалақтан үшінші орынды жеңіп алып, жалпы командалық есепте екінші орынға ие болып,  ақшалай сыйлықпен марапатталды. Осылайша, облыстық сайыста ауыз толтырып айтарлықтай жетістікке жеткен білім беру саласының қызметкерлері аудан спортының мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Дулат МӘТЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521