Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Кикбоксшылар Италия елінен жеңіспен оралды

15-24 қазан күндері Италия елінде кикбоксингтен ересектер арасында әлем чемпионаты өтті. Данияр Юсупов бастаған Атырау облысының спортшылары 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.

"Әлем чемпионатына алғаш рет қатысып, үлкен жетістікке жеткеніме қуаныштымын. Қарсыластарым Ресей, Өзбекстан және Түркия елдерінен болды. Әр қарсыласым тәжірбиелі болғандықтан жекпе-жектерім қиын өтті. Бұнымен тоқтап қалмай алда үлкен белестерді бағындыруға жұмыстанамын", - дейді 51 келі салмақ дәжересіндегі әлем чемпионы Жұмабаев Нұрсұлтан.

67 келі салмақта Азамат Утемисов күміс жүлдеге ие болса, 60 келі салмақта 2 дүркін әлем чемпионы Жандос Назарбеков бұл жолы қола жүлдені қанағат тұтты.

"Кикбоксинг спорты жылдан-жылға қарқынды дамып келеді. Биылғы әлем чемпионатына 65 елден 1600 спортшы қатысты. Атырау облысынан алты спортшымыз қатысып, оның үшеуі жүлделі орындарға ие болды. Биыл жастарымыз өздерін жақсы қырынан көрсетуде" , - дейді облыс аға бапкері Данияр Юсупов.

Осылайша атыраулық кикбоксшылар 2017 жылғы нәтижені қайталап, 1 алтын, 1 күміс және 1 қола жүлдеге ие болып отыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521