Жақында Ресей елінің Тольятти қаласында жасөспірімдер арасында «Мемориал Братьев Акоевых» атындағы халықаралық турнир өтіп, оған тәуелсіз мемлекеттер достастығынан барлық мемлекетінен жас балуандар қатысты.
Аталмыш жарыста 38 келіде ел намысын қорғаған мұқырлық Есенжан Қуатұлы алғашқы белдесулерінде орыс балуандарын ұтып, жартылай финалға шықты. Ал, ақтық сынға жолдама үшін белдесуде жергілікті спортшыдан ұтылып қалғанымен, қола медаль үшін тартыста өз командаласын жеңіп жарыстың қола жүлдегері атанды. Айта кетейік, Мұқыр орта мектебінде 8-сыныпта оқитын Есенжанның бұл халықаралық дәрежедегі алғашқы жетістіті. Есенжанды осы жарысқа дайындаған Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы Марат Әбдуәлі мен Серік Меңдешовтың қосқан үлесі зор.
Дулат МӘТЖАН