Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

БАЛҒЫН ДЗЮДОШЫЛАР АУДАН АБЫРОЙЫН АСҚАҚТАТТЫ

Өткен аптаның жұма-жексенбісі күндері Атырау қаласы Тасқала ауылындағы №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде дзюдо күресінен жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Атырау қаласының ашық турнирі болып өтті.

Оған Атырау облысының Исатай, Мақат, Махамбет, Индер аудандарынан, көрші Ақтөбе облысы мен Атырау қаласынан балғын дзюдошылар қатысып, татами төрінде бақтарын сынады. Осынау дүбірлі додаға аудан атынан қатысқан Қызылқоға балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі Сағыз бөлімшесінің дзюдо күресінен жаттықтырушы Сәлімгерей Нұрболғановтың шәкірттері Дидар Аманжол ұлдар арасында 50 келі салмақта кездескен қарсыластарының барлығын жеңіп, бірінші орынға ие болса, қыздар арасында 40 келі салмақ дәрежесі бойынша сынға түскен Жазира Қожық пен 52 келі салмақтағы Нұрай Әнуарбек үшінші орынға қол жеткізді.

Жеңімпаз-жүлдегерлер қатарынан көрінген балғын дзюдошылардың үшеуі де Кенбай орта мектебінің оқушылары. Ендеше, Сәлімгерейдің шәкірттері ауыл, аудан абыройын асқақтатып, мерейлері үстем бола берулеріңе тілектестік білдіреміз.

Б.АМАНҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT