Токиода өтіп жатқан XXV Жазғы Сурдлимпиада ойындарында жерлесіміз, Қызылқоға балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі Ерсін Болатов сурдо дзюдодан командалық сайыста алтын медаль жеңіп алды!

Бұл – оның маңдай тері мен табанды еңбегінің нәтижесі. Ел намысын асқақтатқан Ерсіннің жеңісі жерлестері үшін үлкен қуаныш!
Алдағы сындарда да тек жеңіс серік болсын! 💪🥇🇰🇿


