Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Ерсін - әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Кеше Түркістан қаласында сурдодзюдодан (есту қабілеті зақымданған дзюдошылар) ересектер арасында әлем чемпионаты өз жалауын желбіретті.

Оған әлемнің 25 мемлекетінен 200-ге жуық татами шебері қатысуда. Жарыстың алғашқы күні 60 келіде белдескен жерлесіміз Ерсін Болатов намысты қолдан бермеді.

Алғашқы белдесуінде украиналық балуанды 10 секундта жеңсе, жартылай финалда Қырғызстан елінің спортшысынан айласын асырды.

Ал, финалда өзінің командаласы Алтынбек Какетаевпен белдесіп, соңғы минуттарда есесін жіберіп алды. Сөйтіп жерлесіміз әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанып, спорттық мансабындағы жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Қызылқоға балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі Ерсіннің осындай жетістікке жетуіне алғашқы бапкері Роман Майлашев пен қазіргі жаттықтырушысы, даңқты балуан Асхат Тельмановтың қосқан үлестері зор.

Дулат Ғұбайдуллин

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT